Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 238/33-V «Астана қаласы округтік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

27.06.2014            267/36-V 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 19-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 238/33-V «Астана қаласы округтік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Самат Жұбанышұлы Тойлыбаев Астана қаласының № 10 округтік сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босатылсын.

2. Осы шешім қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                  С. Богатырев

 

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                             С. Есілов