Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 236/33-V «Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

23.09.2014       284/40-V

  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 19-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 238/33-V «Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясының  мүшелерін сайлау  туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Қошметова Айнұр Тілеукабылқызы Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы мүшесінің міндеттерінен босатылсын.

2. Осы шешім қабылдаған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                        М. Оралов  

 

 

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                  С. Есілов