Тозығы жеткен үйлерді бұзу мәселесі тұрғысында тұрғындармен кездесу

«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлерді бұзу бойынша сынама бағдарламаны түсіндіру мақсатында мәслихат депутаты И.Р.Манжанова № 16 мектепте №16 сайлау округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге «Алматы» ауданы әкімдігінің өкілдері және «Астана қ. тұрғын үй басқармасы» ММ өкілдері қатысты. Кездесу барысында тұрғындар көптеген өздерін қызықтырған сауалдардың жауаптарын алды және Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас даму жоспарымен танысты.