Мәслихат депутаты Халықаралық қыздар күнімен құттықтады

Жыл сайын Халықаралық қыздар күні аясындағы шаралар белгілі бір тақырыпта өтеді.

11 қазан күні дүние жүзінде қыздардың құқығын мойындау белгісі ретінде 2011 жылы БҰҰ-ның Генералды Ассамлеясымен бекітілген Халықаралық қыздар күні (International Day of the Girl Child) атап өтілді.

Қыздарды тәрбиелеу саласындағы белгілі эксперт, “Қазақ қызы” атты Қоғамдық ұйым жетекшісі, елордалық мәслихат депутаты Абден Қарақат өзінің Facebook парақшасында Қазақстанның қыздарын мерекемен құттықтап оқырмандарына видеожолдама түсірді, мұнда ол әлемдегі барлық қыздар тап болатын күрделі мәселелерге тоқталды.

Оның айтуы бойынша, бұл күн әлемдік қауымдастықтың дүние жүзіндегі қыздар тап болатын мәселелерді шешу қажеттілігіне назар аударуы үшін жарияланды. Қазір дүние жүзінде 600 миллион жасөспірім қыздар өмір сүреді. Статистика мағлұматтары бойынша, Қазақстанда 15 жасқа дейінгі 1 932 657 қыз бар.

“Олардың барлығы біздің болашағымдызды дамытуға деген потенциалға ие. Қыздар қауіпсіздік, білім алу мен денсаулыққа аса маңызды қалыптасу шақтарында ғана емес, есею мен әйелге айналу кезінде де құқылы. Қыздарға жасөспірім шақта ерекше қолдау көрсету нәтижесінде олар өз потенциалдарын іске асыра алады және ана, қызметкер, кәсіпкер, тәлімгер, үй қожалығының басшысы, саяси лидер атану арқылы әлемді жақсы жаққа өзгерте алады”, - деп сөйледі Қарақат.

Депутат мемлекеттік органдар және әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат жұмыстары бойынша ҚР Президенті қарауындағы ұлттық комиссия

тарапынан зор жұмыстар жүрігізіліп жатқанын атап өтті. Алайда көптеген сұрақтардың туып отырғаны да рас.

“Қыздардың мүмкіндіктерінің кеңеюіне бағытталған кез келген инвестициялар олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және мемлекеттің қазіргіден де әділ және жарқын болашағына сенім береді. Қазақ отбасыларында қыздар үнемі ерекше орын алған, оларды құрметті орын - төрге отырғызған. Мынадай белгілі сөз бар: «Қыздың жолы жіңішке». Бұл сөзде қазақтың бар даналығы жинақталған. Қыздарға отбасында ерекше күтіммен, сақтықпен қарау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру қағидасы ұрпақтан ұрпаққа берілген”, - деді Абден Қарақат.

Оның айтуы бойынша, соңғы жылдары әлемдік қауымдастық қыздардың балалық шақтағы өмірін жақсартуында айтарлықтай ілгері дамуға қол жеткізді. Алайда өмірінің екінші он жылдығына аяқ басқанда тоғысатын мәселелердің шешілуі жеткіліксіз болып жатқаны анық.

“Сапалы орта және жоғары білім алу, жас шақта тұрмыс құрудан аулақ болу, ерте жүктілік және тағы да басқалары жайлы сөз болып отыр. Өкінішке орай, қыздарға күш көрсету - мәдени, географиялық, дінаралық шектеуі жоқ бүкіләлемдік мәселе. Қыздар қауымына физикалық, психологиялық, сексуалды және экономикалық күш көрсету жаппай таралған, - деп ол баса айтты.

Дәл сол себептен жыл сайын Халықаралық қыздар күніне арналған шаралар белгілі бір тақырыпта өтеді.

“Қыздар күні алғаш рет 2012 жылы атап өтілген және ол бүкіл әлем елдеріне ортақ мәселе - ерте тұрмыс құру тақырыбында өткізілген. 2013 жылы Күн қазіргі қоғамға маңызы зор “Қыздардың білім алуына жаңашыл ыңғай” тақырыбында өткен. Қыздардың білім алуына қолжетімділікке байланысты соңғы жылдардағы айтарлықтай ілгері басуларға қарамастан, олардың көбі бұрынғысынша бұл басты құқықтан айырылған. Бұл жағдайда себеп келесі мәселелер: отбасындағы қаржылық қиындықтар, кейбір елдерде білім беру сапасының төмендігі, үй шаруасы мен қамы және т.б. 2014 жылы бұл Күнге “Жасөспірім қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту: зорлау циклін тоқтату” тақырыбы таңдалды. 2015 жылы Күн “Әлеміміздің ертең дамуына үлес қосу үшін бүгін инвестициялау” болды. 2016 жылы тақырып болып, “Қыздар ахуалының жақсаруы мақсатқа жетудегі ілгері басуды білдіреді: мұның өзі қыздарға қаншалық маңызды” тақырыбында өтті. 2017 жылы Қыздар күні қыздардың күйзеліске дейін және күйзеліс кезіндегі тап болатын мүмкіндіктер алдындағы жаһандық назар мен әрекеттерге ынталандыруға бағытталған көпжылдық жұмыстың бастауын білдіреді”, - деп еске салып өтті Қарақат.

“Және бүгінгі Халықаралық қыздар күні мен ата-аналарға, білім беру мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілеріне арнап сөз сөйлегім келеді!

Біздің жасөсіпірім және жас қыздарға білім алу мен мамандық таңдауда көмектесу үшін күш бірітктіруіміз қажет! Қыздар қауымына әйел үшін экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізудің қаншалықты маңызды екенін жеткізу үшін саралау жұмысын әсіресе, ауылдық аймақтарда өткізу керек.

Қазақстаннның есейіп келе жатқан қыздар қауымын өз потенциалын белсенді іске асыруға ынталандыру қажет”, - деді мәслихат депутаты.

Ал ең бастысы, қоғам мен өкіметтің бар әрекетін біздің қыздарға күш көрсетуді жоюға бағыттауымыз керек екенін ол ерекше атап өтті.

“Біз зорлық-зомбылықтың үрейлі факттары туралы олар іске асып, үрей тудырған кезде ғана айтатынымыз рас емес пе? Біз барлық мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен үйлестірілген, біріккен қыздарға қарсы қылмыстарды тоқтату мақсатындағы жұмысын қамтамасыз етуге міндеттіміз! Біз қорған болуға міндеттіміз!

Сонымен қатар, біз қыздарды адамгершілік тәрбиелеу жайлы да ұмытпағанымыз жөн, бұл мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы тиіс.

Қорыта келе Қазақстанның бар қыздарына бақытты балалық шақ пен бейбіт аспан тілегім келеді!” - деп депутат қорытындылады.