Қымбатты достар!

Бұл күн әлемдік қауымдастықтың дүние жүзіндегі қыздар тап болатын мәселелерді шешу қажеттілігіне назар аударуы үшін жарияланды.

Қазір дүние жүзінде 600 миллион жасөспірім қыздар өмір сүреді. Статистика мағлұматтары бойынша, Қазақстанда 15 жасқа дейінгі 1 932 657 қыз бар.

Олардың барлығы біздің болашағымдызды дамытуға деген потенциалға ие. Қыздар қауіпсіздік, білім алу мен денсаулыққа аса маңызды қалыптасу шақтарында ғана емес, есею мен әйелге айналу кезінде де құқылы. Қыздарға жасөспірім шақта ерекше қолдау көрсету нәтижесінде олар өз потенциалдарын іске асыра алады және ана, қызметкер, кәсіпкер, тәлімгер, үй қожалығының басшысы, саяси лидер атану арқылы әлемді жақсы жаққа өзгерте алады.

Қыздардың мүмкіндіктерінің кеңеюіне бағытталған кез келген инвестициялар олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және мемлекеттің қазіргіден де әділ және жарқын болашағына сенім береді. Қазақ отбасыларында қыздар үнемі ерекше орын алған, оларды құрметті орын - төрге отырғызған. Мынадай белгілі сөз бар: «Қыздың жолы жіңішке». Бұл сөзде қазақтың бар даналығы жинақталған. Қыздарға отбасында ерекше күтіммен, сақтықпен қарау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру қағидасы ұрпақтан ұрпаққа берілген.

Соңғы жылдары әлемдік қауымдастық қыздардың балалық шақтағы өмірін жақсартуында айтарлықтай ілгері дамуға қол жеткізді. Алайда өмірінің екінші он жылдығына аяқ басқанда тоғысатын мәселелердің шешілуі жеткіліксіз болып жатқаны анық. Және бүгінгі Халықаралық қыздар күні мен ата-аналарға, білім беру мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілеріне арнап сөз сөйлегім келеді!

Біздің жасөсіпірім және жас қыздарға білім алу мен мамандық таңдауда көмектесу үшін күш бірітктіруіміз қажет! Қыздар қауымына әйел үшін экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізудің қаншалықты маңызды екенін жеткізу үшін саралау жұмысын әсіресе, ауылдық аймақтарда өткізу керек. Қазақстаннның есейіп келе жатқан қыздар қауымын өз потенциалын белсенді іске асыруға ынталандыру қажет.

Ал ең бастысы, қоғам мен өкіметтің бар әрекетін біздің қыздарға күш көрсетуді жоюға бағыттауымыз керек. Біз зорлық-зомбылықтың үрейлі факттары туралы олар іске асып, үрей тудырған кезде ғана айтатынымыз рас емес пе? Біз барлық мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен үйлестірілген, біріккен қыздарға қарсы қылмыстарды тоқтату мақсатындағы жұмысын қамтамасыз етуге міндеттіміз! Біз қорған болуға міндеттіміз!

Сонымен қатар, біз қыздарды адамгершілік тәрбиелеу жайлы да ұмытпағанымыз жөн, бұл мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналуы тиіс.

Қорыта келе Қазақстанның бар қыздарына бақытты балалық шақ пен бейбіт аспан тілегім келеді!

 

Құрметпен,

Абден Қарақат!