Құрметті Есенжол Тускенович!

Астана қаласының
маслихат депутаты
Е.Т. Бекишевке

Құрметті Есенжол Тускенович!

Алматы аудандық ардагерлер кеңесі, «Тараз» бастауыш ардагерлер ұйымы Сіздің қарт адамдарға қайырылымдық көмек көрсеткеніңіз үшін ерекше разылығын білдіреді.

Сіздің мейірімділігіңіз бен жомарттылығыңыздың арқасында біздің зейнеткерлер Халықаралық қарттар күнін қуанышты көңіл күймен және жылы шырайлылықпен өткізді.

Біздің ардагерлерімізге кішіпейілділікпен және құрметпен қарағаныңыз үшін біз Сізге алғысымызды білдіреміз. Сізге зор денсаулық, ұзақ бақытты ғұмыр, еңбекте жаңа табыстар тілейміз.

Алматы ауданының

ардагерлер кеңесінің төрағасы                                                Байболов С.Д.

БАҰ төрайымы                                                                                 Цой А. Б.

БАҰ мүшелері