Көрсеткіштерді төмендетеді - тиімділікті арттырады

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік сұрақтары бойынша елордалық мәслихаттың тұрақты комиссия мәжілісінде Астананың 2016-2020 жылдардағы даму Бағдарламасының базалық көрсеткіштерін түзету ұсыныстарын талқылау болып өтті.

- Жалпы 2016-2020 жылдарға Астананың даму Бағдарламасында 125 көрсеткіш, оның 66-сы бекітілген базалық тізімге енген және олардың бағдарламаға қосылуы міндетті. Қалған 59 көрсеткіш министрліктермен ұсынылған. Барлық 125 көрсеткіштің 34-і түзетілуде екенін елорданы стратегиялық және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекшісі Оразғұлов Расул хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің жеке көрсеткіштері бойынша әкімдіктер жұмысының тиімділігін бағалау жүргізілуде. Алайда, соңғы үш жылда елорда әкімшілігінің тиімділігі орта көрсеткіштерден қиындықпен асып тұрды.

Мекеме басшысының айтуы бойынша, бұл көрсеткіштер жергілікті атқарушы органдардың тиімділік жұмысын үнемі шынайы көрсете бермейді. Сол себептен Үкіметпен 2019 жылдың 1 қаңтарынан көрсеткіш санын кеміту арқылы шекараны дамыту бағдарламалары бойынша көрсеткіштердің базалық тізіміне өзгерістер енгізу шешімі қабылданды.

Жеке алғанда, кеміту жағына өңделіп жатқан өнеркәсіптің физикалық көлем индексі қайта қарастырылған. Астанадағы өндірістік өсімнің бұрынғы қарқындары белгілі шекке жеткендіктен, жақындағы бір-екі жылда уақытша төмендетілетін болады.

- Мекемелердің негізгі мөлшері 2010-2016 жылдардағы аралыққа №1 Индустриалды парктің шекарасына енгізілген, бұл негізгі капиталға инвестициялардың артуы мен өнделетін өнеркәсіптің өнім беру көлемін арттыруға серпін берді. Бірақ парк аумағы толы болғанын ескере отырып, өсім қазір бар мекемелерде көлемнің арту есебіне қарай қамтамасыз етіледі,- деп Оразғұлов Расул хабарлады.

Сонымен қатар, ол өнім, еңбек өнімділігі және инвестицияларды тарту көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін екінші Индустриалды парк ашылатынын атап өтті. Бірақ шынында, қазіргі көрсеткіштерге төмендетілген өзгерістер енгізілген. Мысалы, 2020 жылғы еңбек өнімділігінің өсімі 2015 жылмен салыстырғанда 12,1%-дың орнына 3,1%-ға артады деп жоспарлануда.

Бұдан басқа, стратегиялық және бюджетті басқарма жетекшісінің айтуы бойынша, әлемдік нарықта бағалардың түсімі және стратегиялық тауарлардың қатарына сұраныстың артуы байқалуда. Өнделетін өнеркәсіптің 2020 жылдық экспорт көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда 24,5%-ға емес, 1,6%-ға ғана артады.

Қазақстан Республикасының құрылыс жұмыстары бойынша Комитетпен бекітілген 2019 жылға 2,75 млн.квадрат метрдің орнына дәл осы мерзімге елордалық билік 1,7 млн. кв. метр туралы айтуда.

Арту бағытына қарай туристік ортада да көрсеткіштерді қайта қарастыру жоспарлануда. Бұл, мамандардың пікірінше, әбден мүмкін жоспарлар, себебі Астана таяу ғана емес, алыс та шетелдік туристерге әйгілі болып келеді

Мәжіліс нәтижелері бойынша бұл сұрақты қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізу шешімі қабылданды.

Комиссия жұмысына қалалық басқарма жетекшілері, мәслихаттың басқа да тұрақты комиссия депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты.