Еңбек ұжымында кездесу

Астана қаласы мəслихатының депутаты Е.Т. Есенжолов "Астана Агродор" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауы аса қызығушылықпен талқыланды. Еркеғали Темірғалиұлы Елбасы жолдауының қағидаларына тоқталып өтті. Жолдау адами капиталдың сапасын жақсартуға, халықтың əл-ауқатын арттыруға бағытталған. Кездесу барысында конструктивті əңгіме болды.

Кездесуге қатысушылар Елбасының белгілеген Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына нық қадаммен қосылуын жəне экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз ететін бес басымдыққа көңіл бөлді. Осындай түсіндіру жұмыстары бұдан əрі жалғасын табуына тілек білдіргендер болды. Кездесу соңында депутат азаматтарды Елбасының тапсырмаларын орындауда белсенділік танытуға шақырды.