Депутатқа алғыс Астана қ. маслихат депутаты, «Эдем» ЖШС бас директоры И.Р.Манжановаға

Құрметті Ирина Рихардовна!

Алматы аудандық ардагерлер кеңесі, «Казгородок» («Қазқалашық») бастауыш ардагерлер ұйымы Сіздің қарт адамдарға көрсеткен қайырымдылық көмегіңізді ерекше қанағаттандырумен атап өтті.

Сіздің рахымдылығыңыз бен жомарттығыңыздың арқасында біздің зейнеткерлеріміз Халықаралық қарттар күнін қуанышты көңіл-күймен және жан жылылығымен өткізді.

Біз Сіздің мейірімділік көзқарасыңыз бен ардагерлерімізге деген құрметіңіз үшін дән ризамыз. Сізге зор денсаулық, ұзақ  та бақытты өмір, бизнес дамытуда жаңа табыстарға жетуіңізді тілейміз.

Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы                                                              С.Д.Байболов
«Казгородок» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы                                              Р.Р.Бейсекова