Депутат А.Ж.Табулдинамен кездесу

Депутат Алтыншаш Табулдина №8 сайлау округінде сайлаушылармен, еңбек ұжымымен Н.Назарбаевтың Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті бөлу мəселесі туралы арнайы үндеуін талқылау үшін жəне Ел Президентінің Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөнінде бірнеше кездесу өткізді.

Ел Президентінің Жолдауының негізгі қағидаларын талқылауға “Даналық” медициналық колледжінің, №58 мектеп-гимназиясының, №5 қалалық емхананың, “Астана-Қамқор”, Астана қаласының “Ана мен бала” ұлттық ғылыми орталығының,  №20 орта мектептің еңбек ұжымы оқытушылары жəне студенттер, сондай-ақ №5 емхана жанындағы “Денсаулық мектебі” клубының мүшелері жолдауды талқылауға белсене атсалысты.

Депутат А.Ж.Табулдина Жұмыспен қамту орталығы ұсынған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтардың тұрмыстық жағдайы мен жұмысқа орналасуы жөніндегі “Қақпа алдында кездесу” əлеуметтік жобасын тақылауға қатысты.

Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы желтоқсандағы жарлығымен бекітілген.

Аталған стратегияны іске асыру мақсатында Астана қаласының əкімдігі мен Қылмыстық-түзету жүйесінің Астана қаласы бойынша департаменті бірігіп əзірлеген жоспарын орындау аясында “Қақпа алдында кездесу” пилоттық əлеуметтік жобасы басталды.

“Қақпа алдында кездесу” жобасының негізгі идеясы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып отбасына, жалпы азаматтық қоғамға оралған тұлғалардың бейімделуіне көмектесу. Жобаға туыстарының, мемлекеттік органдардың (денсаулық сақтау, əлеуметтік қызмет, жұмыспен қамту қызметінің) өкілдерінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарының қатысуы туыстарымен, таныстарымен арадағы бұзылған қарым-қатынастарды реттеуге, медициналық көмекті уақытылы алуға, денсаулығын сақтауға, жұмысқа орналасуына көмегін тигізеді.

Азаматтық қоғамның бірігіп салған күші түрмеден босап шыққан азаматқа өзінің отбасына, қоғамға керектігін сезінуге, оның түзелетініне қоғам мен жақын туыстарының сенетіндігін түсінуіне жəне заңға бағынып өмір сүруді бастауына мүмкіндік береді.