Астанада қалалық мәслихат депутаттарының қатысуымен 2019-2021 жылдарға бюджеттік жобаны қарастыру жалғасуда

Бұл жолға халық қалаулылары жолдардың құрылысы мен жөндеуіне, мемлекеттік қажетіліктерге жер телімдерін бөліп алуға, жаңа, әлеуметтік нысандарды салуға, газификация жұмыстарын жүргізуге және тағы да басқа қаланың маңызды жобаларына қанша қаражат салынғанын анықтады.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылым басқармасы жолдарының жұмыс жасау бағдарламасы депутаттарда көп сұрақ тудырды. Осы мекеме басшысы Қарағойшы Асхат аталған бағдарлама бойынша бюджеттік сұраныс 4,8 млрд теңге соммасында бекітілгенін, бірақ бұл ақшаның барлық көшелерде жөндеу жұмыстарын жүргізуге жеткіліксіз екенін атап өтті. Соммаға тек орталық көшелер кіреді. Бұл депутаттарды ашуға салды. Себебі соңғы жылдары олар бірнеше мәрте қала шебіндегі ең бұзылған аймақтар жайында сұрақтар көтерген болатын. Оларды жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізу үшін басқармаға қосымша 7,9 млрд теңге қажет.

Депутат Өмірбаева Рамзияны тағы бір мәрте Шұбары шағынауданында көше жөндеу жұмыстары өтетіні жайлы сұрақтары толғандырды. Алдағы жылы мұнда жұмыстар тағы да қарастырылмайтыны анықталды.

- Біз бекітілген 4,8 млрд теңге соммасына жөндеу жұмыстары жүргізіле алатын көшелердің тізімін дайындап қойдық. Қосымша қаражат бөлінетін болса, ауылдарда да жол жөндеу жұмыстарын жүргізе аламыз, - деп, Қарағойшы Асхат бекітіп өтті. Өкінішке орай, қазір біз көшелерде және мәселелі аймақтарда тек орташа жөндеу жасай аламыз. Сонымен қатар, кейбір аумақтарда мезгілдік шұңғырдық жөндеулер, қазірдің өзінде жөндеу жұмыстары талап етіледі.

Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Оразғұлов Расул өз кезегінде жағдайға қатысты пікірін білдірді: басқармаға лимит шеңберінде 5,4 млрд теңгеден жолдардың орташа жөндеуіне 4,8 млрд теңгесі, бағдаршамдық нысандарына 500 млн теңге қарастырылды.

- Жергілікті бюджет қаланың барлық жөндеу жұмыстарына қажетті сомманы өтей алмасы анық. Біз Үкіметте бюджетті қорғаған кезде нәтижесінде барлық көшелерді жөндеу үшін бізге 360 млрд теңге қажет екенін көрсеткен талдау жасадық, - деп бекітті Оразғұлов Расул.

Депутат Шибкенов Зейнолла көп жылдар бойы сөз еткен Жаңа жол көшесі келесі жылдық құрылыс жоспарына енгізілгені рас.

Астана қаласының құрылысы мен тұрғын үй саясаты Басқармасына 31,5 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде 11,7 млрд теңгесі республикалық, 10 млрд және 9,8 млрд жерігілікті бюджеттен 7 инвестициялық жобаны іске асыру үшін іштей қарызға берілген қаражттар.

Депутаттарды құрылыс мекемелерінің гарантиялық міндеттері аяқталмай, банкрот атанған әлеуметтік объектілерде кім жөндеу жұмыстарын жүргізеді деген мәселе толғандырды. Өмірбаева Рамзия шатырынан су өтетін №73 және 75 балабақшаларын мысалға келтірді.

Бұл туралы басқарма жетекшісі Ахметов Руслан нысандардың жағдайын жеке өзі қарап шығатынына және бұл мәселені өз күшімен шешетініне уәде берді.

Мәслихат хатшысы Нұрпейісов Жанат “Южный” және “Рассвет” жол кооперативі айыры анықтауға тырысты. Секретарь маслихата Жанат Нурпиисов попытался выяснить включены ли участки гаражных кооперативов «Южный» и «Рассвет» в изъятие.

- Бұл нысандар бойынша шешім қабылдануда, жақында бұл сұрақ қала әкімі қатысқан қалалық кеңесте талқыланды. Мұнда біз бюджеттен ала алмайтын үлкен сомма қажет. Мынадай бірнеше нұсқа ұсынылды: соның ішінде мектеп, балабақша, жол салу үшін, аумақ инвесторларды қызықтыру үшін жерлерді алу. Бұл екі кооперативтен басқа, тағы бір мәселелі біреуі бар, ол “Достык” және “Мирный” көлік кооперативтері, - деді мекеме басшысы.

Отырыс кезінде депутаттар жанармай-энергетикалық комплекс және коммуналды шаруашылық, қалалық орта бақылауы мен сапасы басқармасының бюджеті шеңберінде алдағы жобаларды іске асыру бойынша баяндама тыңдады.