Ақпарат қолжетімді болуы тиіс

Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда, Қазақстан халқының 70%-ы әлеуметтік желілерді қолданады, ал 30%-ы салқын көзқарасқа ие. Олардың арасында қолданушылардың ең көп мөлшері – 88%-ы Астанада бекітілген. Қоғамдық даму жұмыстары бойынша Басқарма жетекшісі Есин Данияр қалалық мәслихат депутаттарымен елордада өтіп жатқан мемлекеттік ақпараттық саясат нәтижелерімен бөлісті.

Оның айтуы бойынша, координациялау және мемлекеттік ақпараттық саясатты нәтижелі іске асыру бойынша қаланың барлық басқармаларының алғашқы жетекшілерінен жұмыс тобы құрылды.

– Қалалық басқармаларда БАҚ-пен қарым-қатынасқа жауаптылар бекітілген, - деп Есин Данияр айтып өтті. – Мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын іске асыру бойынша 18 жеке медиа-жоспар құрастырылған. Мемлекеттік органдардың БАҚ-тағы келеңсіз жариялымдарға әрекет ету бойынша іс-әрекет алгоритмі реттелді. Оқиға болысымен үш сағат ішінде резонансты оқиға орын алған жағдайда ақпаратты ұсыну бойынша механизм енгізілді.

Сонымен қатар ол ақпараттық жұмыста әлеуметтік сұраныстар мен тұрғындар мәселелері ескерілетіні жайлы ақпаратпен бөлісті. Зерттеу деректері бойынша, елорда тұрғындарын бірінші қажетті тауарлардың бағасының, коммуналды қызметтерге тарифтің өсуі, жұмыс орындарының кемуі, жұмыссыздық, білім беру қызметтерінің сапасы және тағы да басқалары толғандырады. Осы мәселелі сұрақтар негізінде біздің тарапымыздан мемлекеттік органдармен жасалып жатқан шаралар жайлы халықты хабардар ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

- Мәселелердің бірі түрлі сұрақтарға нақтылы жауап бере алатын сапалы материалды уақытылы табыстамау болып табылады. Сонымен қатар Астана қаласы әкімшілігінің құрылымдық бөлшектері тарапынан ақпараттық-анықтамалық материалдар үнемі қолжетімді және көрнекі бола бермейді, - деп мекеме басшысы баса айтты.

Депутат Абден Қарақат халық қалаулыларының да халықпен аса жақсы қатынаста болу мақсатымен әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылар болып табылатындарын мойындады.

– 13 млн-нан аса қазақстандықтар әлеуметтік желілерді белсенді қолданушылар болып табылады. Жас ерекшелігі бойынша сап түзеген қолданушылар саны қанша деген сұрақ туындайды, өйткені оларды білім, жас, қызмет түрі бойынша бөліп қарастыру өте маңызды. Ал ең маңызды сұрақ – әкімдік жұмысы жайлы не жазылады, қай сұрақтар толғандырады, қандай жауап қайтарылады және ең маңызды – әкімшіліктің пікір білдірулерге әрекет етуі қандай? – мәселелерін депутат білгісі келді.

Алайда ол әлеуметтік желілердегі пікірлерге өзі мониторинг жүргізді. Нәтижесінде халық көбінесе ТКШ жұмысына, көлік және білім беруге шағымданатыны анықталды.

Көпшілік тыңдауы кезінде қалада ақпараттық саясаттың жүргізілуі жайлы қоғамдық денсаулық сақтау, білім беру, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялау сияқты басқарма жетекшілері хабарлап өтті.

Талқылау нәтижесінде қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы аталмыш қалалық мекемелерге елордада ақпараттық жұмысты жақсарту жайлы ұсыныстар берілген қаулы қабылдады.

Мәслихаттың көпшілік тыңдауына қалалық басқарма жетекшілері, қоғамдық ұйым өкілдері және БАҚ қатысты.