Мәслихат хатшысы

Алтыншы шақырылым Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы

Нұрпейісов Жанат Ғазизұлы 1961 жылы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сулышоқ ауылында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары. 

  • 1982 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің ауыл шаруашылығы бойынша бас экономисі қызметінен бастаған.
  • 1982 жылдан 1984 жылға дейін Кеңес армиясы қатарындағы міндетін атқарды.
  • 1984 жылдан 1998 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің тексеруші-бақылаушысы, Возвышенка аудандық Мемлекеттік салық инспекциясының бастығы және Ақмола қаласы Қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет етті.
  • 1998 жылдан 2016 жылға дейін «Астана қаласы Қаржы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы және "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды.  

"Қаржы қызметінің үздігі" - 01.12.2011 ж. «Құрмет» ордені /2011/, «ІІ дәрежелі достық» ордені /2008/, «Астана» мерейтойлық медалі /2000/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі /2001/, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі /2011/ мемлекеттік наградаларының иегері.

2016 жылдың 20 наурызында алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

«Нұр Отан» Партиясының мүшесі.