Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының алдағы іс-шаралары туралы хабарландырулар

2019 жылғы 26 сәуірде, сағат 16.00-да қалалық мәслихаттың мәжіліс залында (Бейбітшілік көшесі, 11, 220 кабинет) қоғамдық тыңдаулар өткізіледі

Күн тәртібі:

1. Нұр-Сұлтан қаласының шеткі аумақтарын дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралар туралы.

Баяндаушы: Тұрлыбек А.А. – Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары. 

Қоғамдық  тыңдаулар жұмысына қатысуларыңызды сұраймын.

Анықтама алу үшін телефоны: 55-66-35

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының назарына!

2019 жылдың 26 сәуірінде өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты тұрақты комиссиялары қоғамдық тыңдауларының қарауына «Нұр-Сұлтан қаласының шеткі аумақтарын дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралар туралы» мәселесі енгізіледі.

Осы мәселе бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз болса, қалалық мәслихат аппаратының мына электронды поштасына maslihat_org@mail.ru жіберуге немесе 55-66-35, 55-66-36 телефондарына хабарласуларыңызға болады.

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов