Әлеуметтік -мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары

1. Қалалық мәслихаттың қарауына әлеуметтік даму, халықты жұмыспен қамту, ғылым, білім, мәдениет, спорт, ұлтаралық қатынастар, жастар саясаты, ардагерлер, мүгедектер, әйелдер, отбасын қорғау, ана мен бала істері жөніндегі, тілдерді дамыту, діни конфессиялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және басқа да заңнамалық актілерді жүзеге асырумен байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.

2. Әлеуметтік-мәдени даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, қалалық мәслихат сессияларында бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді тыңдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерді белгілеу, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін анықтау мәселелері бойынша қалалық мәслихат сессияларының қарауына енгізілген мәселелерді қарап, олар бойынша қорытынды шығарады.

4. Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.