Астана қаласының жекелеген санаттағы азаматтарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Жоба

Астана қаласы мәслихатының шешімі

(екінші, кезектен тыс, алтыншы шақырылым сессиясы)

 

 

Астана қаласы                                                                                                          2016 жылғы 15 сәуір

 

 

Астана қаласының жекелеген

санаттағы азаматтарына қосымша

әлеуметтік көмек көрсету туралы

 

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2016 жылы Астана қаласы азаматтарының мынадай санаттарына:

26 сәуiрге - (Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандарын еске алу күні) - Чернобыль атом электрстанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға 80000 (сексен мың) теңге, олардың жесірлеріне 50000 теңге (елу мың) теңге мөлшерінде;

9 мамырда (Жеңіс күні) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерiне 850000 (сегіз жүз елу мың) теңге мөлшеріндеқосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                               М. Шекенов

 

Астана қаласы мәслихатының

хатшысы                                                                                       Ж. Нұрпейісов