Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидалары туралы

Жоба

(Алтыншы шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының

он төртінші кезектен тыс сессиясының)

шешімі

Астана қаласы                                                       2016 жылғы «___»_________

Астана қаласының

су объектілерінде ортақ су

пайдалану қағидалары туралы

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабының 1) тармақшасын, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2 тармағының басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                Г. Қасенов

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                       Ж. Нұрпейісов

КЕЛІСІЛДІ:

«Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика иинистрлігі

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

комитетінің Астана қаласы

тұтынушылардың құқықтарын

қорғау департаменті» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________________ Н. Асылбеков

2016 жылғы «___»_______________

«Астана қаласының Табиғи

ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

басшысының міндетін атқарушы

______________________ Т. Арашапов

2016 жылғы «___»_______________

Астана қаласы мәслихатының

2016 жылғы «___» __________

№_________ шешіміне

қосымша

Астана қаласы мәслихатының

күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қаңтарда № 711 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 9 «Астана ақшамы», 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 9 (2774) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

2. «Астана қаласы маслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-ІV «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 91/11-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 14 қаңтарда № 766 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтардағы № 7-8 (2918) «Астана ақшамы», 2013 жылғы 19 қаңтардағы № 8-9 (2930) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

3. «Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 538/77-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 24 маусымдағы № 384/54-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 928 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамыздағы № 84 (3289) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 1 тамыздағы № 84 (3307) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

______________________

Астана қаласының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидалары