Астана қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

Астана қаласы мәслихатының

                                                  2016 жылғы 17 наурыз

                                                  № 473/65-V шешімімен

                            бекітілген

 

Астана қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Астана қаласының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.

2. Астана қаласының Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) –коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

 

4. Қоғамдық кеңесті және оның құрамын Астана қаласы мәслихатының хатшысы басқаратын жұмыс тобы құрайды.

5. Жұмыс тобы Заңмен қарастырылған тәртіпте мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

6. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

7. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

 

3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

8. Жұмыс тобының сандық құрамын Астана қаласының хатшысы белгілейді.

9. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйене отырып, мәслихаттың хатшысы дербес айқындайды.

10. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

11. Астана қаласы мәслихатының аппараты жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.

12. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде қалалық мәслихат аппаратына жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жібереді.

Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

13. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

14. Мәслихат аппараты конкурс мерзімі аяқталған соң  келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде  жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.

15. Мәслихат хатшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.

16. Отырыста осы Үлгілік ереженің 14 және 15-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.

17. Жұмыс тобының құрамы мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.

18. Жұмыс тобының құрамы мәслихаттың ресми интернет-ресурсында жарияланады.

 

4. Жұмыс тобының өкілеттіктері

 

19. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) тұрғындарды Қоєамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

4) Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын осы Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

 

5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

 

20. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.

21. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.

22. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.

23. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.

24. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраєа мен хатшы қол қояды.

25. Жұмыс тобы Қоєамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.

26. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.

27. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

28. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы мәслихаттың шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

29. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.

30. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оныә төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.

 

6-бап. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

 

1. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, қаланы дамыту бағдарламаларын талқылау;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының, қаланы дамыту бағдарламаларының орындалуын талқылау;

3) қаланың атқарушы органдарының нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы жоспарлардың орындалуы, қайырымдылықтан түскен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік басқаруды жетілдіру және қызметтік этика нормаларын сақтауды қоса отырып, мемлекеттік аппараттың жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

7) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

8) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын талқылау және мәслихатқа бекіту үшін енгізу;

9) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

32. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес бір ай мерзімде, ал 1) тармақша бойынша он күн мерзімде тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қоятын қорытынды нысанда уәжді жауап беретін тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді.

 

7. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның
               төралқасының өкілеттіктері

 

1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.

2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.

3. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

 

8. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының
               өкілеттіктері

1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) отырыстарда төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5) мәслихаттың отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.

2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

 

9. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу тәртібі

 

33. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыс болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы қажет болған сайын, бірақ үш айда бір реттен кем болмайды.

34. Қоғамдық кеңестің отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.

35. Қоғамдық кеңестің отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы Қоғамдық кеңес тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.

36. Қоғамдық кеңестің отырыстарын Қоғамдық кеңестің төрағасы жүргізеді.

37. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.

38. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырыстарына оның шешімі бойынша мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге мамандар шақырылуы мүмкін.

39. Қоғамдық кеңестің отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.

40. Қоғамдық кеңес қабылданған шешімдер туралы халыққа хабардар етеді.

Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады немесе мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылады.

41. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша Қоғамдық тыңдау өткізілуі мүмкін. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Заңымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

 

Қорытынды ережелер

 

Қоғамдық кеңес қызметінің және отырыстарын өткізудің өзге мәселелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.