Астана қаласындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, абаттандыру қағидаларына

Астана қаласындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, абаттандыру қағидаларына

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің  аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығы  Астана қаласындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, абаттандыру  қағидаларын әзірлеуге  негіз болды. 2015 жылғы   29 сәуірдегі № 10886  «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің  аумағын абаттандыру үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар)  Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде бекітілді.

Үлгілік қағидаларға сәйкес 2004 жылғы 30 наурыздағы №29/6-11 Астана қаласындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, абаттандыру  қағидалары және 2004 жылғы 30 наурыздағы №28/6-111 Астана қаласындағы абаттандыру, санитарлық күтіп-ұстау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету қағидалары біріктірілді.

Қағидалар 3 Бөлімнен, 244 тармақтан тұрады.

Технологиялық ұсыныстарға, қайталауларға қатысты нормаларға негізгі өзгерістер енгізілді. Астана қаласы мәслихатының ескертулеріне байланысты аталған нормалар Қағидалардан алынды.

1 Бөлім «Жалпы ережелер» - Жоғарыда аталған екі Қағидаларды біріктіруге байланысты жаңа редакцияда жазылды.

Бөлімнен басқа Қағидаларда пайдаланылатын бірнеше ұғымдарға анықтамалар нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілуіне байланысты алынды.

4 т. 33 т. толықтырылды – күту режиміне анықтама берілді. Аталған өзгеріс «Астана Тазалық» ЖШС «Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бірнеше өтініш етуіне байланысты енгізу қажет. Осы тұрғыда, Астана қаласының прокуратурасы өткізген бөлінген бюджеттік қаражатты пайдалануды тексеру барысында «Астана Тазалық» ЖШС тарапынан негізделмеген шығындар анықталды, нақты тәулік бойы қар тазалайтын  күзет машиналары, қатты реагенттерін бөлумен байланысты шығындар. ЖШС жоғарыда аталған іс-әректі қар түсу кезінде немесе басқа жағымсыз ауа райы жағдайында жедел әрекет ету үшін қажет.

Сонымен қатар 4 т 37 т толықтырылды – «қарды кәдеге жарату» ұғымы беріледі. Аталған толықтыру Астана қаласында қарды еріту қондырғыларын пайдаланумен кейін кәдеге жарату үшін қар қабылдау пунктерін ұйымдастыруға байланысты енгізілді.

2 Бөлім «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғау» - 4 Параграфтан тұрады.

Бөлімдегі 39 т, нақты белгілі бір талаптарды ескеруге сәйкес отырғызу материалын қарау қажеттілігін көрсетумен көгалдандыру жобасында автомобиль жолдарының құрылысын жобалау талаптар анықталды.

3 Бөлім «Қаланың аумағын абаттандыру» - 12 Параграфтан тұрады.

Бөлімнен қарды жинау және ғимараттардығ қасбеттерін жаңартуға қатысты ұсыныстар, «Апатты жұмыстарды жүргізу» параграфы алынды.

«Құрылыс алаңдары мен учаскелерін күтіп-ұстау» 7 параграф пен «Қала аумағын ашу және жол төсемдерін, жаяу жүргіншілер жолдарын, гүлзарларды және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына байланысты жұмыстар өндірісінің тәртібі» 8 параграфқа толықтырулар енгізілді («Астана қаласының Сәлет және қала құрылысы басқармасы» ММ , «Астана қаласының Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ ұсыныстары)

«Инженерлік коммуникацияларды және құрылғыларды күтіп-ұстау» 10 параграфы жеке бөлінді.

Жобаның өзге бөлігінде Үлгілік қағидаларға қайшылық жоқ.

Басшы                                                                                  Т. Закарьянов

Астана қаласының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, абаттандыру қағидалары