«Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

Астана қаласы мәслихатының шешімі

(алтыншы шақырылған алтыншы кезекті сессия)

Астана қаласы                                                 2016 жылдың «___»__________

«Астана қаласында жылыту

маусымына дайындық және оны

өткізу қағидасы туралы» Астана

қаласы мәслихатының 2014 жылғы

27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2013 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

«Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 тамызда № 829 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 тамыздағы № 91 «Астана ақшамы»,2014 жылғы 16 тамыздағы № 90 «Вечерняя Астана», газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімдермен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

4 – тармақтың 8) тармақшасындағы «,.сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді»деген белгі және сөздер алынып тасталсын;

5 – тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5.Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шеңберінде жылыту маусымына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс.–.шаралардың жүргізілуін бақылауды Астана қаласының аумағында энергетика саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізудің үйлестірілуін Астана қаласы әкімінің аппараты, қала аудандарында энергия өндіруші, энергия беруші және су шаруашылығы ұйымдарының басшылары жүзеге асырады.».

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                               Г. Касенов

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                  Ж. Нұрпейісов