«Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне өзгеріс пен толықтырулар...

Жоба

Астана қаласы маслихатының шешімі

(алтыншы шақырылымның он үшінші кезекті  сессиясы)

Астана қаласы                                                      2016  жылдың  8 желтоқсан

«Астана қаласында әлеуметтік көмек

көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу

және мұқтаж азаматтардың жекелеген

санаттарының тізбесін айқындау қағидасы

туралы» Астана қаласы мәслихатының

2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V

шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылєы 27 маусымдағы №250/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2014 жылєы 23 шілдеде № 822 болып тіркелді, 2014 жылєы 31 шілдеде «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 250/36-V шешіміне төмендегі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындау қағидасында (бұдан әрі – Қағида):

53-тармақтың 5) тармақшасындағы «тісті протездеу» сөздерінен кейін «,ауыз қуысын тазалау» деген белгімен және сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 55-1 тармақпен толықтырсын:

«55-1. Тісті протездеуге әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда тістің тіс жегі ауруларын, пародонт ауруларын емдеуді, медициналық манипуляция (инъекция, рентгенге түсіру және т.б.) жүргізумен тісті жұлуды қамтитын ауыз қуысын протез алды тазалау жүзеге асырылады.»;

83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«83. Әкiмшілікке шартқа қол қойғаннан кейiн он банктік күн ішінде оқуға әлеуметтік көмек алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргiзедi.

Оқуға әлеуметтік көмек алушы ақшалай қаражат түскеннен кейін банктік үш күн ішінде оқуға төлемақы жүргізеді және Әкімшілікке төлеу туралы түбіртекті ұсынады.».

2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                      Г. Қасенов

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                  Ж. Нұрпейісов