«Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру және оны сипаттау қағидасын бекіту туралы

Жоба

Астана қаласы мәслихатының шешімі

(алтыншы шақырылымның он төртінші, кезектен тыс сессиясы)

Астана қаласы                                                                        24 желтоқсан 2016 жыл

«Астана қаласы мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің қызметтік

куәлігін беру және оны сипаттау қағидасын

бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Осы шешімге қоса беріліп отырған «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру және оны суреттеу қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Астана қаласы мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                           С. Жүнісов  

Астана қаласы

мәслихатының хатшысы                                                                Ж. Нұрпейісов

Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік

куәлігін беру және оны сипаттау қағидасын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

n/n

Перечень сведений, которые должны быть отражены в проекте

Информация государственного органа - разработчика

1.

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру және оны сипаттау қағидасын бекіту туралы

2.

Жобаны әзірлеуші

"Астана қаласы мәслихатының аппараты" ММ

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болданатын қаржылық шығындар

В рамках выделенных средств.

5.

Жобаны қабылдаған жағдайда нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелер мерзімдері, енгізілетін ұсыныстар тиімділігі

Служебное удостоверение государственного служащего является официальным документом, подтверждающим занимаемую административным государственным служащим должность в государственном учреждении «Аппарат маслихата города Астаны»

6.

Жобада көрсетілген мәселелер құзіретіне енетін мемлекеттік орган басшысының қолының болмау себебі

Барлық қолдар бар

7.

Осыған дейн жобада қарастырылған мәселелер бойынша осыған дейін қандай нормативтік актілер қабылданғандығы туралы мәлімет және әзірлеуші қалай орындады? 

Қабылданған жоқ.

8.

Қолданыстағы нормативтік -құқықтық актілерге осыған дейін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді ме?

Енгізілген жоқ.

9.

Бұл акті Әділет департаментінде тіркеуге жата ма?

Жатады.

10.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтер

«Астана ақшамы»  және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды. 

Астана қаласы мәслихаты

аппаратының басшысы                                           Б. Ахметжанова

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру және оны сипаттау қағидасы