Астана қаласы қалалық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенаты депутаттығына

кандидаттарды тіркеу туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 14-бабының 5) тармақшасы негізінде, Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Астана қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттар ретінде Қазақстан Республикасының келесі азаматтарын тіркеді:

         Мамытбеков Едил Куламкадырович -  1964 жылы туған, қазақ, «Нұр Отан» Партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары,  «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Астана қаласында тұрады.

        

         Мерва Надежда Михайловна  -   1956 жылы туған, орыс, «Астана қаласы кәсіпкерлер құқығын қорғау Ассоциациясы» ЗТБ атқарушы директоры», «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Астана қаласында тұрады.

 

         Нурпеисов Дамир Кадырбаевич-1984 жылы туған, қазақ, Астана қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Астана қаласында тұрады.        

 

Қалалық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                      И. Жалбиров